ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Журналистер назарына!

 «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық сынына БАҚ өкілдерін тіркеуді бастайды.
БАҚ өкілдерінің куәліктерін тіркеу www.kazakhstanbarysy.kz сайтында жүргізіледі.
Журналистерді тіркеу уақыты: ағымдағы жылдың 3 – 20 маусым аралығы

Тіркелу ережесі:

Тіркеу туралы өтінім http://www.kazakhstanbarysy.kz/accreditation/ сайтында қабылданады. БАҚ өкілі тіркелуге арналған барлық жолдарды толтыруға міндетті. Журналистің суреті мына талаптарға сай болуы керек: 3*4 көлеміндегі сурет немесе суреттің 80 пайызы тіркеуден өтетін адамның бет жүзін көрсетуге лайықталған болуы тиіс.

Өтінім автоматты түрде тіркеледі.

МАҢЫЗДЫ! Бір басылымнан финалдық бәсеке туралы материал дайындайтын 2 журналист (қазақ және орыс редакциясы) тіркеле алады. Басылымдардың бас редакторлары тіркеуден бөлек өтетінін ескертеміз. Нәтижесінде, бір басылымнан 4-5 адам тіркеуден өте алады: бас редактор (қазақ және орыс редакциясы), 2 журналист (қазақ және орыс редакциясы) және фотограф (оператор). БАҚ өкілдерін тіркеуден өткізу 2013 жылдың 20-ы маусымында аяқталады. БАҚ өкілдерінің тіркеуден өткені туралы куәлік 2013 жылдың 23-25 маусым күндері Қордың кеңсесінде қызметтік куәлікті көрсеткен жағдайда беріледі.

Байланыс телефондары:
+7 775 4800017 — Аида Қабашева
+7 775 9323817 — Ақырыс Сейтқазы
 

Адрес Фонда: ул. Д.Кунаева, 29/1,
«Отель и Бизнес Центр Дипломат», 20 этаж, офис 21

«Қазақстан Барысы» 

қазақ күресін дамыту қоры