Арманыңа жет!

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры еріктілерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Егер сіздің жасыңыз 18-ден жоғары және ерік-жігеріңіз биік болса, сондай-ақ, жұмыс кестеңізден бос уақыт табылса, «Қазақстан Барысы» жобасына ерікті ретінде қабылдана аласыз!
«Арманыңа жет» деп аталатын еріктілер байқауына еліміздің ең басты спорттық оқиғасының куәгері болғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.
Ерікті атануға ниетті болсаңыз, төменде көрсетілген талаптарды орындап, [email protected] электронды поштасына жіберулеріңізді өтінеміз. Ескерте кететін бір жайт, сіз жіберген хат «Арманыңа жет» тақырыбымен жазылуы тиіс.
Электронды өтінімді толтыру тәсілі:
- Аты-жөніңіз (толық), жасыңыз
- Сіз не үшін жобаның еріктісі болғыңыз келеді?
- Сіздің негізгі қызметіңіз қандай?
- Хоббиіңіз
Хатқа міндетті түрде еріктінің фотосуреті қосылуы керек.