ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Польша - Тәжікстан 2:3

 Екінші кездесу: Польша - Тәжікстан

 

Польша құрамасы:

 

60 келі –Кшыштоф  Киелбус. 20 жастағы ол кадеттер арасындағы Польша чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. 

 

70 келі –Себастиан Джаниски. Жасы 27-де. Ол дзюдодан Польша біріншілігінде талай мәрте чемпион атанып, халықаралық турнирлерде үш мәрте алтын, бір мәрте күміс жүлде тағынған.

 

80 келі – Лукаш Блач. Лукаш құрама сапындағы ең тәжірибелі балуандардың бірі. Ағымдағы жылы ол дзюдодан халықаралық және елішілік сайыстарды қосқанда 13 рет татамиіге шығып, оның жетеуінде жеңіске жетіпті.

 

90 келі – Камил  Козловски.

 

+90 келі – Масейдж Сарнаски. Сарнаски қатардағы балуандардың бірі емес. Ол биыл Қазанда өткен Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдесіп,  қола жүлде жеңіп алған.

 

Тәжікстан құрамасы:

 

60 келі – Ибодулло Әлибердизода. Биыл жылы Қазан қаласында өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарында белбеу күресінен қола жүлде иеленген.

 

70 келі – Әзизи Бахтиер. Тәжікстанда дзюдодан өткен «Водии Заррин» турнирінің жеңімпазы.

 

80 келі – Зульфикор Одинаев.

 

90 келі – Олимжон Авезов.

 

+90 келі – Зафархон Сайдалимов. 

 

60 келі салмақта поляк балуаны Кшыштоф  Киелбус тәжік ұлты үкілеген үміті Ибодулло Әлибердизодадан жеңіліс тапты. Ад 70 келіде  Себастиан Джаниски тәжік тарланы  Әзизи Бахтиермен кездесіп, ол да ұтылып қалды. Кейінгі екі белдесуде польяктар тараза басын теңестіріп, шешуші сәтті аса ауыр салмақтағы балуандарға қалдырды. 

Енді тәжіктер Қазақстан құрамасымен кездеседі.